Дидар Хамза: «Жатсам, тұрсам ойлайтыным - Рио алтыны»

Дидар Хамза Олимпиада алдындағы дайындығы жайлы айтып өтті. Ересектер құрамасына қосылғанына көп бола қоймаған дзюдошы, халықаралық турнирлерде жақсы күресті. Рейтингтегі ұпай санының аз болуына байланысты, Риоға жолы түспеп еді. Бірақ соңғы мезетте канадалық спортшыдан допинг табылып, Дидардың жолы ашылды. Дзюдошының Prosportkz.kz сайтының тілшісіне берген сұхбатын ұсынамыз.

- Жолдама алғанда қандай сезімде болдың?

- Жолдама алғанымды естігенде қуанышымда шек болмады. Осы жолдаманы алу үшін бар жігерімді салған болатынмын. 22 үздік спортшы жолдама алды да, мен 23-орында қалған соң, жолдамасыз қалдым. Соңғы оқу-жаттығу жиыны Алматыда болды. Үмітім үзілмей, соңына дейін күттім. Бірақ жігіттер ұшатын кезде үмітім үзіліп, ақ жол тілеп, шығарып салдым. Үйге қайтқанымда Федерациядан хабар келді. Канадалық спортшыдан допинг табылып, оның орнына мені Олимпиадаға жібергені туралы айтты. Үй-ішімізбен қуандық.

- Қазіргі дайындығың қалай? Жарысқа дайынсың ба?

- Дайындық ойдағыдай. Бұндай бақ тағы беріле ме, жоқ па? Олимпиадаға барынша дайындалып, барымызды салуымыз керек. Олимпиадалық турнир өз уақытында өтеді. Жеребе 5-тамыз белгілі болады. 8-тамыз татамиге шығамын.

- Олимпиадада кім саған басты қарсылас атана алады? Кім мықты?

- Бұл - Олимпиада. Олимпиадада мынау мықты, мынау осал деп айтуға болмайды. Барлығы өте жақсы дайындықта келеді. Сондықтан маған кез-келгені мықты қарсылас атана алады.

- Қазақстандық дзюдошылардың Олимпиададағы мүмкінідіктері қандай? Кімнің алтын алуға қауқары жетеді? Кім жүлдеге іліне алады?

- Әрине, бәрінің мүмкіндігі өте жоғары. Әсіресе Елдос пен Отгенцегцегке бәрі сеніп отыр.

- Түркістаннан Олимпиадаға екі спортшы жолдама алған. Оның бірі - Бекзат Саттарханов, екіншісі өзің. Бекзат батырымыз айды аспанға шығарып, еліне алтын әкелді. Саған да Түркістан жұрты мен жалпы қазақ елі үміт артып отыр. Риода жүлде алуға мүмкіндігің бар ма?

- Әрине, сол ағамның жолын берсін. Жатсам, тұрсам ойымда - алтын алу. Сол алтынды алу үшін барымды саламын.

- Сұхбаттасқаныңыз үшін рахмет! Риода сәттілік тілейміз!

- Рахмет!

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или