Альварес тәуекелге барып, Головкинмен жұдырықтасу керек - Әмір Хан

Альварес тәуекелге барып, Головкинмен жұдырықтасу керек - Әмір Хан
<p style="text-align: justify;"> <strong>Британиялық боксшы Әмір Ханның айтуынша, мексикалық Сауль Альварес орта салмақ дәрежесінде IBF/IBO/WBA/WBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы тиіс. </strong></p> <p style="text-align: justify;"> &laquo;Альварес өте мықты боксшы. Өкініштісі, ол үлкен жекпе-жектерден бас тартып жүр. Ол тек өзінен жеңіл боксшылармен ғана жұдырықтасады. Оған тәуекелге барып, Головкинмен төбелесу керек. Мен Саульмен кездескенде оның салмағы 187 (84 келі) фунт болатын, менікі - 158 (71 келі)&raquo;, - деді Хан BoxingScene сайтына.</p> <p style="text-align: justify;"> Естеріңізге сала кетсек, мексикалық боксшының промоутері Оскар Де ла Хойя Головкинге қарсы жекпе-жек келесі жылы ұйымдастырылады деп айтқан болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или