Дэвид Аллен: «Брук әзірге бабында емес»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Британиялық боксшы Дэвид Аллен отандасы Келл Бруктың қазақстандық Геннадий Головкинге қарсы кездесуі жайлы өз ойын айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Бұл өте қызық жекпе-жек болмақ. Бокс жанкүйерлері бұл кездесуді асыға күтуде. Головкин - орта салмақтың, ал Келл жартылай орта салмақтың ең үздік боксшысы. Мен Келлмен жаттығу өткіздім, әзірге ол бабында емес. Головкинге қарсы кездесуде Брукқа жанкүйер боламын, бірақ Геннадий жеңіске жетеді деп ойлаймын», — деді Аллен «IFL TV» арнасына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Головкин-Брук жекпе-жегі қыркүйектің 10-ы, Лондонның «О2» аренасында өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или