Қанат Ислам: «Мырзағали Айтжанов – нағыз еңбекқор бапкер»

Қанат Ислам: «Мырзағали Айтжанов – нағыз еңбекқор бапкер»
<p style="text-align: justify;"> <strong>Қазақстандық былғары қолғап шебері Қанат Ислам әуесқой бокстан Қазақстан құрамасының бапкері Мырзағали Айтжанов жайлы өз пікірін айтты.</strong><br /> <br /> - Бокстан ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов нағыз еңбекқор бапкер. Өз саласының жілігін шағып майын ішкен маман. Кезінде талай қарсыласын нокаутқа құлатқан боксшының бүгінде ұлттық құраманы жаттықтырып жүргеніне қуаныштымын. Жігіттердің жігерін қайрап, намысын шыңдап жеңіске жетуіне барын салып жүр. Бұйыртса боксшылар Олимпиадада жоспарлаған алтынды алып қайтатынына сенімдімін! Ұлт беделі үшін еңбек етіп жүрген ағаларым аман болсын! Төгілген тердің жемісі міндетті түрде болады. Қазір ұлттық құрамамен бірге жаттығу жасап, жігіттермен тəжірибе алмасып, білгенімді үйретіп жатырмын. Бізге тек жеңіс керек! Ол үшін бəріміз атсалысуымыз қажет. Артында үміт артқан елі барын сезінген спортшы ғана топты жарып алтын алады. Риода еліміздің намысын қорғайтын барлық спортшыларға жеңіс тілеймін! Көк туымыз желбірей берсін!, - деп жазды жерлесіміз &laquo;Инстаграмдағы&raquo; ресми парақшасында.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или