Том Леффлер: «Ұсыныс түссе, Головкин ДиГейлмен де жұдырықтасар еді»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, оның шәкірті супер орта салмақ дәрежесіне көтерілуге дайын болды.

«Біз Альварес, Сондерс пен Юбенкке қарсы жекпе-жек ұйымдастырғымыз келген, бірақ олардың бәрі бас тартты. Егерде Эдди маған хабарласып, Головкинмен ДиГейл жұдырықтасқысы келеді десе, біз келісер едік. Бұл жағдайда Головкин супер орта салмақ дәрежесіне көтерілетін еді. Бірақ Херн бізге Келл Брукты ұсынды, біз уақыттың тығыз болуына байланысты бірден келістік», — деді қазақстандық боксшының промоутері BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Эдди Хирн британиялық боксшылар Крис Юбенк, Келл Брук пен Джеймс ДиГейлдің промоутері.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или