«Формула-1» басты промоутерінің енесін ұрлап кеткендер құн талап етті

Атақты «Фопмула-1» жарысының басты промоутері бизнесмен Берни Экклстоунның енесін Бразилияда белгісіз біреулер ұрлап кетті. Бұл туралы 24.kz хабарлайды.

Экклстоунның отбасымен тікелей байланысқа шыққан ұрылар қартты босату үшін 36,5 млн АҚШ долларын талап етіп отыр, деп хабарлайды Reuters.

Айта кету керек, 67 жастағы Апаресида Шунк Флози Палмейра – Экклстоунның әйелі Фабиана Флозидің анасы. Оны белгісіз біреулер Бразилияның Сан-Паулу қаласындағы үйінен ұрлап кеткен.

Жалпы 85 жастағы Экклстоун Флозимен 2012 жылы отбасын құрған болатын. Фабиана Флози бұрын «Формула-1»-дің маркетинг жөнінен вице-президенті қызметін атқарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или