Олимпиада алдында еліміздегі еркін күрес шеберлері өзара дауласып жатыр

Олимпиада алдында еліміздегі еркін күрес шеберлері өзара дауласып жатыр

Еркін күрестен ұлттық құраманың Олимпиадаға жолдамасына талас ушығып тұр. Әділдік қайда деп ашынған палуандардың бірі  бапкерлер әлемдік додаға  жеңген емес, керісінше жеңілген спортшыны жіберіп, қазақ спортына қиянат жасап жатыр деп ашынады. Комиссия таңдауында бір шикіліктің барын, Олимпиада жүлдегері Ислам Байрамуковтың өзі айтып отыр.

31 телеарнаның хабарлауынша, 86 келіде Еркін күрестен ұлттық құрама үздіктерінің бірі Әділет Дауламбаев Олимпиадаға кімнің баруы керектігін алдымен екеуара кездесу мен жарыстардағы нәтиже шешу керек деп ашынады. Себебі, бұған дейін оқу-жаттығу жиыны мен халықаралық жарыстарда ол Аслан Кахидзені ірі есеп айырмасымен ұтыпты. Алайда құраманың бас бапкері маған әрдайым қағажу көрсетіп келеді дейді.

- Әрқашан барлық кездесуде мен Асланды ұтамын. Оқу жиынында, жарыста болсын. Болмаса маған жаттығуда беріңіздер Асланды, күресейін десем, Асланды менімен жаттығуда қоймайды. Ары қашады, бері қашады. Мен айтам менімен тренировкаға қойыңыз десем, қоймайды, - дейді Дауламбаев.

Бұл жайлы федерация басшылығы да жақсы біледі дейді Әділет. Ол аз болғандай, бас бапкер Сергей Белоглазов спортшылардың арасына іріткі салып, шағыстыруға дейін апарды деп отыр. Тіпті федерация басшылығына бапкерді ауыстыру туралы өтініш жасалыпты. Ал бапкер Белоглазов Риоға Кахидзені апару туралы шешім өз күшінде қалатынын айтады.

- Біз Кахидзеге де, Дауламбаевқа да теңдей мүмкіндік бердік. Кахидзе мықты боп шықты. Дайындық бабы тұрақты. Мен бас бапкермін, бұлай айтудың реті бар. Қазір кім медаль әкеледі деген мәселе тұр, Кахидзе алып келеді деп сенемін. Лицензияны да Астанада сол ұтты, - дейді еркін күрестен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Сергей Белоглазов.

Ал еркін күрестен Олимпиада лицензиясы жеке спортшыға емес, командаға беріледі. Сидней Олимпиадасының жүлдегері Ислам Байрамуков жолдама мәселесін еркін күрестің иісі мұрынына бармайтын, кәсіби тұрғыда қатысы жоқ адамдар шешіп отыр деп ренжулі. Оның айтуынша, Олимпиадаға кіл мықтының ішіндегі шын мықтысы баруы керек. Бұл туралы өз пікірін былай білдірді:

- 2-3 шілдеде Германияда, Дортмунд қаласында Голден Гран-При халықаралық жарыста екеуі кездесті. Ширек финалда. Сол жерде Әділет Дауламбаев  6:2 есебімен жеңіске жетті. Басқа қандай сұрақ керек?

Ислам Байрамуков Украина мен Ресей балуандар арасындағы осындай мәселені екеуара күрестіріп, нағыз мықтыны анықтау арқылы шешті дейді. Ал соңғы бір жыл ішінде үш кездесуде де Аслан Каһидзені Әділет Дауламбаев ұтыпты. Керек десе мұны да есепке алмай, боз кілемге қайтадан белдестеруге шығаруын сұрайды. Балуан Каһидзе болса, Риоға баруға әбден лайықтымын дейді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или