Допинг дауына ілінген кез келген ресейлік спортшы Олимпиадаға бармайды

Халықаралық олимпиада комитеті осыған дейін допинг қолданып, жазаланған ресейлік спортшылар Рио олимпиадасына қатыспайды деген шешім қабылдады.

BNews.kz порталының мәлімдеуінше, бұл — допинг қолданған және сол үшін жазаланған барлық ресейлік спортшыларға қатысты шешім. Яғни осыдан он жыл бұрын немесе биыл допинг дауына ілінген спортшылар үшін Рио олимпиадасына жол жабық.

ХОК президенті Томас Бах Ресей спортшыларын Рио олимпиадасынан шеттетпейтінін мәлімдеді. Бірақ ресейлік спортшылардың олимпиадаға қатысуы мәселесін әр спорт федерациясы жеке шешеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или