Қанат Ислам Қазақстан құрамасының Олимпиада алдындағы жаттығуына көмектесуде

Қазақстан құрамасының жаттығу жиынына шетелдік боксшылар мен Қанат Ислам арнайы шақыртылған, деп хабарлайды BNews.kz.

Қазақстан құрамасының Рио-де-Жанейроға аттануына бір аптадан аз уақыт қалды. Қазір команда Астанадағы соңғы жаттығу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жаттығу жұмыстарына Колумбия, Доминикан, Мексика мен АҚШ елдерінен келген тоғыз боксшы көмектесіп жатыр, деп хабарлады ҚБФ баспасөз қызметі.

Оның ішінде танымал кәсіпқой боксшы, The Kazakh есімімен танылған Қанат Ислам да бар. Қанат Ислам Даниял Елеусіновпен жұп құрап, боксшының дайындығына көмек көрсетіп жүр.

«Жігіттердің барлығы жақсы дайындық жасап жатыр. Олимпиада кезінде өздерін жақсы қырынан көрсетуге дайын. Енді тек жігіттеріміздің сәтті боксына куә болу ғана қалды. Олимпиадаға баратын 10 боксшының әрқайсысы медаль алуға қауқары жетеді. Бірақ Олимпиада ойындары кезінде қандай жағдай орын алатынын алдын-ала біле алмаймыз. Дегенмен, біздің жігіттерге барынша қолдау көрсетіп, Қазақстанның әнұраны Олимпиада төрінде шырқалады деп сенеміз», - деді Қанат Ислам.

Бұл боксшыларымыздың соңғы оқу-жаттығу жиыны. Соңғы спарингтер 25 мен 27 шілдеде өтеді. 28 шілде күні боксшыларымыз Риоға аттанады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или