Тағы 45 спортшы допинг дауына ілікті

Тағы 45 спортшы допинг дауына ілікті

Бейжің мен Лондонға барған тағы 45 спортшының допинг қолданғаны белгілі болды.

ҚазАқпараттың мәліметіне сүйенсек, Бейжің мен Лондон олимпиадаларына қатысқан спортшылардың допинг сынамаларын қайта тексерген кезде 45 спортшының қанынан тыйым салынған препарат белгілері табылған. ХОК спортшылардың аты-жөндері мен елдерін жарияламай отыр. Бірақ олардың 30-ы Бейжіңге 8 елдің атынан барған, 15-і Лондонға 9 елдің атынан барған спортшылар екені айтылады. Бұлардың ішінде 23 адам - Бейжің олимпиадасында жүлдегер атанған спортшылар.

ХОК ақпаратына сүйенсек, бірінші және екінші тексеру кезінде 1243 сынама тексерілгенін, алдағы уақытта әлі екі тексеру жұмыстары бар екені айтылған.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде, ал Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза және Светлана Подобедова үшеуі соңғы Олимпиадада допинг қолданды деп, жарыстардан шеттеткен болатын. Бұл аты аталған спортшылар биылғы Рио олимпиадасына қатыспайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или