Фристайл акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда

Фристайл акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда

Фристайл акробатикадан Қазақстан ұлттық құрамасы Чехияда кезекті оқу-жаттығу жиынында жүр. Бұл фристайлшыларымыздың жаңа маусым алдындағы екінші оқу-жаттығу жиыны, деп хабарлайды Рrosportkz.kz сайтының тілшісі.

Осыған дейін спортшылар дәл осы Чехияға жаттығуға келген болатын. Екінші оқу-жаттығу жиынында спортшылардың алдағы уақытта өтетін жарысқа дайындығы мен техникалық, дене жаттығуына көп мән берілген. Күніне екі мәрте трамплинде және фитнес залында жаттығу өткізетін фристайлшыларымыз осы маусымда қазақстандық жанкүйерлерді жерге қаратпайтынын айтты.

Өткен маусымда Еуропа Кубогының абсолюттік чемпионы атанған Жанбота Алдабергенова Чехиядағы оқу-жаттығу жиыны жайлы айтып өтті.

«Суда жаттығу жасайтын маусымдағы бұл екінші оқу-жаттығу жиыны. Екеуі де осы Чехияда өтіп жатыр. Өткен жиында баппен бастаған едік, екінші жиын сәл қиынға соғып жатыр. Себебі, алдымызда үлкен жарыстар бар. Жаздағы жиынның жоспарын орындауымыз керек. Жаздағы суда өтетін жаттығу жұмыстары қыстағы үлкен жарыстарда сепітігін тигізеді. Тамыз айында біз Швейцариядағы жарысқа қатыспақшымыз. Кейін қыркүйек айында Белоруссия елінде өтетін жарысқа барамыз. Екі елдегі жарыс та суда өтеді», - деді  Жанбота Алдабергенова сайтымыздың тілшісіне берген сұхбатында.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или