Риода грек-рим күресінен қазақ балуандары жарысты 14 тамызда бастайды
<p>
Рио Олимпиадасында грек-рим күресінен қазақ балуандары тамыздың 14 күні жарыс жолына шығады.</p>
<p>
Осы күні ең бірінші болып боз кілемге Бразилия уақытымен сағат 10:00-де (Астана уақытымен - 19:00) 59 келідегі өнер көрсететін балуанымыз Алмат Кебісбаев өнер көрсетеді. Ал кешкі сағат 16:00-де (Астанада 15 тамыз, түнгі 01:00) 75 келіде ел намысын қорғайтын Досжан Қартықовтың өнерін тамашалаймыз.</p>
<p>
Ал тамыздың 15 күні сағат 10:00-де (Астанада 19.00) аса ауыр салмақтағы балуанымыз Нұрмахан Тінәлиев боз кілемге шығады. Осы күні сағат 16:00-де (Астанада 16-на қараған түні, 01.00) 130 келіде өнер көрсететін балуандар арасында жеңімпаздар анықталатын болады.</p>
<p>
Естеріңізге сала кетейік, биыл Рио олимпиадасына грек-рим күресінен 3 балуан ғана жолдама ұтып алған болатын.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или