Әзірге ештеңе айтқым келмейді - Илья Ильин

Әзірге ештеңе айтқым келмейді - Илья Ильин

“Астана” велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровтың шақыруымен келген спортшы велододаның 19-шы кезеңін тамашалады.

- Менің эмоцияларымды айтып жеткізу мүмкін емес. Бірінші рет көлікпен велобәйгені басынан аяқ көріп шақтым. Әрине шет елге қыдырып келгенім рас. Қазір қолым бос, алдымен отбасымен бірге уақыт өткіздім. Кейін Саша Винокуров хабарласып, Францияға кел, қазір “Тур де Франс” өтіп жатыр деді. Мен қуана келістім.

Пелотондағы тартыс күшейген сайын, велоспортқа арбалып қалғаным ұқтым. Теледидардан көргендегі көңіл күй мүлдем бөлек. Бір уақытым болмай жүр едім, сол жерде Астанаға оралған күннен бастап велосипедке отырамын деп уәде бердім. Әр спорттың өз қиыншылықтары бар. Бірақ жаңбырдың астында өткен жарыста қанша шабандоз құлап қалды. Қайсар мінезді спортшылар екен. Қыңқ етпейді. Көздері жанып тұр. “Астана” шабандоздарына риза болдым.

-Илья, ең бірінші сені не таң қалдырды? Велоспорт ауыр екен деген ой келген жоқ па?

Жоқ, оған таң қалғаным жоқ. Спорттың оңайы жоқ. Менің велошабандоздармен сұхбаттасуға мүмкіндігім болды. Оларға көп сұрақ қойдым. 200 шақырымды жүріп өткен қалай болады, төрт-бес сағаттың ішінде қалай тамақтанады, бір-бірімен байланысқа қалай шығады. Маған бәрі қызық болды. Жылдамдықтары қандай жоғары. Сағатына 90 шақырым жылдамдықпен келе жатқан шабандоздың бұрылыстардан құламай өтуі үлкен шеберлікті қажет етеді ғой. Бұл расымен де керемет спорт түрі. Қазіргі көңіл күйімді айтып жеткізу мүмкін емес. Егер ауыр атлетикамен салыстыратын болсам, штанга көтеріп әлемдік рекордтты жаңартқандай болып тұрмын. Бір қызығы жарыс кезінде көлікте отырғанымды көрген "Астана" шабандоздары “о, Илья, сәлем!” деп жанымыздан зу етіп өте шыққан.

-Қазір қолыңыз біршама босағаны жасырын емес, уақытыңызды қалай өткізіп жүрсіз?

- Мен де адаммын ғой. Уақыт өте эмоциялар басылды. Қазір барлығы жақсы. Жаттығуларды тоқтатқаныма бір ай болды. Еш зауқым соқпайды. Бірақ залға барып тұрамын. Жігіттер мен қыздарға қолдау көрсету үшін. Қазір қастарында болмасам да телефонмен жиі хабарласамын.

Допинг мәселесіне келетін болсақ, әзірге ештеңе айтқым келмейді. Әлі ерте. Барлық сұрақтарға жауап табылғанда мен міндетті түрде сіздердің бастарыңызды қосып айтып беремін. Сондықтан “Тур де Франс” аталған үлкен спорт мерекесінен ләззат алайық.

Тек қана білімім, тәжірибем зая кетпесе екен деймін. Ауыр атлетикада ғана емес, жалпы спорт саласында еңбек еткім келеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или