Мартин Мюррей: «Головкиннің осал тұсы жоқ. Келл Брукты өте ауыр жекпе-жек күтіп тұр»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Геннадий Головкиннің бұрынғы қарсыласы Мартин Мюррей отандасы Келл Бруктың қандай тәуекелге барғанын айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Брукты өте ауыр жекпе-жек күтіп тұр. Жартылай орта салмақтан 72-келіге көтеріліп, Головкин сияқты «машинамен» жұдырықтасу - бұл үлкен ерлік. Есесіне, Келл Геннадийді жеңіп кетсе, онда ол үлкен бокс жұлдызына айналады. Бірақ Головкиннің осал тұсы жоқ. Оның шаршы алаңдағы қимылы, жылдамдығы, соққысы, техникасы - бәрі жоғары деңгейде. Головкинді ұту үшін, оны қыспаққа алып, үнемі шабуылдау қажет, бірақ орта салмақта мұндай боксшы жоқ. Брук үшін де мұны істеу қиын болмақ», - деді Мюррей Boxing News сайтына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Головкин – Брук жекпе-жегі қыркүйектің 10-ы, Лондонның «О2» Аренасында өтеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или