Қанат Ислам: «Мақсатымыз - өз боксшыларымыздың шеберлігін шыңдай түсу»

Қанат Ислам: «Мақсатымыз - өз боксшыларымыздың шеберлігін шыңдай түсу»

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында әуесқой боксшыларымыздың АҚШ-тағы дайындығы туралы мәлім етті.

«Енді санаулы күнде Рио олимпиадасының алауы тұтанады. Ол жерде бір спортшының емес, бүкіл қазақ елінің намысы сынға түседі. Сондықтан, Риоға баратын бауырларыма кішкене болса да көмегім болсын деп спарринг ретінде АҚШ-тан боксшылар шақырттым», - деп бастады әңгімесін Қанат Ислам.

- Бұл боксшылардың елге келуіне сіз жетекшілік еттіңіз бе? Қанша боксшы келді?

- Міне, өздеріңіз көріп тұрғандай, 7 боксшы келді. Бұл жеке менің ғана еңбегім емес. Бокс федерациясының басында отырған ағалардың еңбегі. Ол кісілер маған «АҚШ-тан өзің жаттығып жүрген жерден кәсіпқой боксшылар табыла ма? Жол шығынын біз көтерейік, сен біздің боксшыларға спарринг қарсылас болатын боксшылар болса қарастырып көрші» деп сұрады. Мен келісіп, осы боксшыларды табуға жол жасадым.

- Бұл боксшылардың біздің спортшылардан қандай артықшылқтары бар?

- Ешқандай артықшылығы жоқ. Бұлар кәсіпқой рингте жүрген боксшылар. Айырмашылығы сол ғана. Біздің негізгі мақсатымыз - Олимпиада ойындары Оңтүстік Америкада өткелі отырғандықтан сол жақтағы боксшылардың бокстасу стилін көрсету. Әр түрлі боксшылармен жұдырықтастырып, өз боксшыларымыздың шеберлігін шыңдай түсу.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или