Танымал қазақстандық спортшы айықпас дерттен көз жұмды

Танымал қазақстандық спортшы айықпас дерттен көз жұмды

Кикбоксингтен әлем чемпионатының күміс жүлдегері Азамат Нұрпейісов Петропавлда қатерлі дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Nur.kz.

«Атақты спортшы, кибоксингтен Азия және әлем чемпионатының күміс жүлдегері, жерлесіміз Азамат Нұрпейісов көз жұмды. Бір жыл бұрын жас спортшының ауыр дертпен ауыратыны айтылған. Оның қатерлі дертпен күресуіне мыңдаған адам атсалысып, Кореяда емделуіне қаражат жинаған болатын. Алайда, спортшымыз бұл дерттен жазылмады. Спортта жеңіске жетіп жүрген ол ауыр дертті жеңе алмады. Біз Азаматты, оның спорттағы жетістіктерін ұмытпаймыз», – дейді баспасөз хатшысы Анна Пенькова.

Азамат Нұрпейісов оқушы күнінен кикбоксингпен айналысқан. Ол Ирландияда өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері, Италияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Азия мен Үндістан чемпионы, Түркияда өткен әлем чемпионатының күміс жүлдегері болды.

Сонымен қатар Азамат әскери институтта оқып, ҚР ІІМ ішкі әскерінің офицері болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или