Сауль Альварес: «Головкинге қарсы ұйымдастырылмаған жекпе-жек? Мені бұл жайт мазаламайды»

Сауль Альварес: «Головкинге қарсы ұйымдастырылмаған жекпе-жек? Мені бұл жайт мазаламайды»

Мексикалық боксшы Сауль Альварес болашақта қазақстандық Геннадий Головкинмен міндетті түрде төбелесетінін айтты.

Естеріңізге сала кетсек, «Канело» орта салмақ дәрежесіндегі WBC белбеуінен бас тартып, Геннадий Головкинмен жекпе-жек ұйымдастыра алмаған болатын.

«Головкинге қарсы ұйымдастырылмаған жекпе-жек? Мені бұл жайт мазаламайды. Ең бастысы – бұл менің мансабым. Мен Геннадиймен жұдырықтасқым келеді, бірақ бәрі промоутерлерге байланысты. Екі жақтың тарапынан түсінбеушілік болуы мүмкін, мұндай кездесуді ұйымдастыру оңай шаруа емес. Бірақ түбінде біз Головкинмен жұдырықтасамыз. Бұл кездесу міндетті түрде өтеді», - деді Альварес The Los Angeles Times арнасына.

Айта кетер жайт, Сауль Альварес келесі кездесуін британиялық Лиам Смитке қарсы өткізетін болса, Геннадий Головкин тағы бір британиялық боксшы Келл Брукпен жұдырықтасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или