Бейжің Олимпиадасына қатысқан тағы 6 қазақстандық допинг күдігіне ілінді

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасына қатысқан алты қазақстандық спортшының допинг сынамасы оң нәтиже берген.

Бұл туралы Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің (ҰОК) ресми сайтында хабарланды деп жазады Азаттық.

Ұлттық Олимпиада комитетінің мәлімдеуінше, қазақстандық алты спортшының Бейжің Олимпиадасы кезіндегі алынған допинг сынамаларын қайта тексергенде күдік тудырған. Енді Халықаралық Олимпиада комитеті мен Бүкіләлемдік антидопинг агенттігі В сынамасын тексеру процесін жүргізеді. Бұл шара 18-26 шілдеде Лозаннада (Швейцария) қазақстандық тараптың қатысуымен өтеді.

Қазақстан ұлттық Олимпиада комитеті В сынамасы оң нәтиже берген жағдайда ғана спортшылардың аты-жөнін жариялайды.

Осыған дейін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің Бейжің мен Лондон Олимпиадалары кезінде алынған сынамаларынан допинг табылғанын мәлімдеген.

Лондонда алтын алған қазақ спортшылары Зүлфия Чиншанло, Мая Манеза мен Светлана Подобедованың да сынамалары оң нәтиже берген. Олар уақытша жарыстардан шеттетілген.

nur.kz сайтынан алынды*

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или