Фредди Роуч: «Головкинді кінәлаудың керегі жоқ, онымен басқа ешкім кездеспейді»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Белгілі бапкер Фредди Роуч Геннадий Головкиннің Келл Брукпен кездесуін сынға алмай, түсіністікпен қарады.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Онымен басқа ешкімнің жұдырықтасқысы келмейді. Барлық жігіттер «жоқ» деп айтады. Бұл оның кінәсі деп ойламаймын. Ал енді Брукке келер болсақ, салмағын көтеру оның шешімі болды. Жартылай орта салмақ боксшысы 160 фунтқа көтерілуі қажет, бұл Головкиннің емес, оның таңдауы. Головкин өзі өнер көрсетіп жүрген алмақта жұдырықтаспақ. Ал Брук Геннадиймен кездесу үшін бірден екі салмаққа секіріп кетпек және ол Головкинді жеңе аламын деп ойлайды. Бірақ бұл ойы дұрыс емес, көрерміз», - деді Роуч. </p>
<p>
</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или