Владимир Седов: «Кінәсіз екенімді дәлелдеу үшін қаржым жетпейді»

Допинг қолданды деп айыпталып жатқан Владимир Седовтың айтуынша, ол жеңсе де, жеңілсе де, әділетті өнер көрсеткен.

«Қазіргі қаржыммен бұл шешімге шағымдануға рұқсат бермейтін шығар. Егер маған мемлекет көмектесіп жатса, әрине, барып, өзімнің кінәсіз екенімді дәлелдеп шығамын. Мен ешқашан допинг қолданған жоқпын. «А» сынағынан тапқаны туралы қағаз келді, ол жақта оң нәтиже көрсетіпті. Енді «В» сынағын ашу қажет. Егер «В» сынағы да оң нәтиже берсе, онда спорттан шеттетілемін», - деді Седов.

Естеріңізге сала кетсек, Владимир Седовтың Бейжің Олимпиадасында берген анализі оң нәтиже көрсетті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или