Василий Левит: «Олимпиадаға жоспар бойынша дайындалудамыз»

Бокстан Қазақстан құрамасының мүшесі Василий Левит ProsportKz.kz тілшісіне алдағы айда өтетін Олимпиада ойындарына дайындығы жайлы айтып берді.

- Рио-де-Жанейро қаласында өтетін Олимпиада ойындарына бір айдан аз уақыт қалды. Дайындығыңыз қалай?

- Бәрі жақсы, жоспар бойынша жаттығудамыз. Қазір жаттығуларда аянбай тер тегудеміз. Ары қарай арнайы бағдарлама бойынша дайындаламыз.

- Ұлттық құраманың бірқатар мүшелері кәсіпқой боксшылармен жаттығып, тәжірибе алмасты. Сіз ше?

- Жоқ. Соңғы жиынымыз Ирландия елінде өтті. Онда мен бірнеше спарринг өткіздім. Артынша, Литвада жұдырықтастым.

- Ирландия мен Англия елдерінде боксты ерекше жақсы көреді. Байқаған жоқсыз ба?

- Қазіргі таңда оларда боксқа деген қызығушылық өте жоғары. Бұл спорт түрі Ирландия мен Англияда қарқынды дамып келеді.

- Жанкүйерлерге айтар сөзіңіз бар ма?

- Бізге жанкүйер болыңыз! Біз болсақ сіздерді қуанту үшін бар күшімізді саламыз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или