Джесси Варгас: «Брук менімен жұдырықтаспау үшін Головкинді таңдады»

Джесси Варгас: «Брук менімен жұдырықтаспау үшін Головкинді таңдады»

Британиялық Келл Брукқа қарсы кездесу өткізу керек болған америкалық боксшы Джесси Варгас Головкин-Брук жекпе-жегіне таң қалғанын айтты.

- Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Брукпен келіссөздер ауыр жүріп жатқанын білдім, бірақ мен өз шарттарымды толық орындадым. Келісімшартқа қол қойдым. Бізге Бруктың келісімі ғана керек болған. Біздің жекпе-жек міндетті түрде өтеді деп ойладым. Бірақ артынша Головкин-Брук жекпе-жегі жайлы ақпараттар шыға бастады. Менің Геннадийге еш ренішім жоқ, бокста мұндай болып тұрады. Менің ойымша, Бруктың командасы менімен жұдырықтаспау үшін Головкинді таңдады, - деді Варгас.

Естеріңізге сала кетсек, бір ай бұрын Брук пен Варгас жекпе-жек өткізу жайлы ауызша келісімге келген болатын. Кездесу қыркүйек айында Англияда өтуі тиіс болған. Бірақ Брук соңғы сәтте Варгаспен емес, Головкинге қарсы кездесуге қол қойды.

Айта кетер жайт, Джесси Варгас екінші жартылай орта салмақ дәрежесінде WBO чемпионы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или