Олимпиада чемпионы банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

Олимпиада чемпионы банкке 13,6 миллион теңге қарыз болып шықты

Бокстан Бейжің Олимпиадасының чемпионы Бақыт Сәрсекбаевтың басынан дау арылар емес. Боксшымыз банкке 13 миллион 600 мың теңге қарыздар екен. Бұл туралы ҚазАқпарат мәлім етті.

«Қазақстан халық банкі» Астанадағы Сарыарқа аудандық сотына Сәрсекбаевтың үстінен азаматтық арыз түсірген. Боксшы 120 айлық мерзімге 15% сыйақы мөлшерлемесі көлемінде 13 миллион 600 000 теңге несие алып, жылжымайтын мүлік ретінде Астана қаласындағы жеке пәтерін кепілге қойыпты. Соңғы тексерістерден кейін сот екіжақты келісімді жарамсыз деп таныды. Өйткені, оның өз міндетінен жалтармақ болғаны анықталған. Енді боксшы банкке қарызы мен мемлекет пайдасына сот шығындарын толық өндіріп беруі керек.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Бақыт Сәрсекбаев тағы бір сотта жеңіліп, өзіне тиесілі автокөлікті Эльвира Сәрсекбаеваға беруге шешім шыққан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или