Эрисланди Лара: «Головкин Брукпен кездеседі ме? Ендеше мен Роман Гонсалеске қарсы шығайын»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Кубалық боксшы Эрисланди Лара қазақстандық Геннадий Головкиннің жартылай орта салмақ дәрежесінде өнер көрсететін британиялық Келл Брукқа қарсы кездесуін дұрыс емес екенін айтты. </strong></p>
<p style="text-align: justify;">
- Головкин Брукпен кездеседі ме? Ендеше мен Роман Гонсалеспен жұдырықтасайын (күледі). Бокста салмақ дәрежелерін бекер енгізген жоқ. Бірақ Головкин мен Альвареске бәрібір сияқты. Канеломен жекпе-жектен кейін Ханға не болғанын бәріміз білеміз. Мұндай кездесулер деңсаулыққа өте зиян, - деді Лара Boxing Scene сайтына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, орта салмақта жұдырықтасатын Геннадий Головкин келесі кездесуін жартылай орта салмақтың боксшысы Келл Брукқа қарсы өткізеді.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или