Шведова Уимблдонда өзі үшін рекордтық көлемде сыйақы алды

Шведова Уимблдонда өзі үшін рекордтық көлемде сыйақы алды

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова бір турнирден өзі үшін рекордтық дәрежеде сыйақы еншіледі. Ол Уимблдон додасының жекелей сынында ширек финалға, жұптық сайыста финалға, сондай-ақ, микстте жартылай финалға дейін жеткен болатын.

Ширек финалға шыққаны үшін қазақстандық спортшы 250 мың фунт алды. Венгриялық Тимеа Бабошпен бірге жұптық сынға түскен Шведова финалда америкалық Уильямстерге жол берді - 3:6, 4:6. Осы жетістігі үшін қазақстандық-венгиялық жұп 175 мың фунт стерлинг еншіледі (әрқайсысына 87 500-ден). Микстте пәкістандық Айсам Курешимен бірге жартылай финалға жеткені үшін тағы 50 мың (екеуіне 25 мыңнан) қанжығалады.

Осылайша, Шведова осы қаржылардың барлығын қосқанда Уимблдонда 362 500 фунт стерлинг немесе, сіздерге түсінікті болу үшін, 383 228 АҚШ долларын алды. Бұл дегеніміз, теңгенің бүгінгі бағамымен есептейтін болсақ, Ярослава 129 707 348 теңге пайда тапты.

Айта кетейік, Ярослава Шведова биылғы жылы жеңген жүлдеақыларының жалпы есебі шамамен миллион долларға жетеді - 928 080. Ал өзінің кәсіби мансабында 5,5 миллион доллардан астам сыйақы алған - 5 638 595.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или