Геннадий Головкин WBC белдігін Мексикада алады

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин орта салмақтағы WBC әлем чемпионы белдігімен марапатталу үшін бүгін Мексикаға ұшады.

Бұл туралы қазақстандық боксшының промоутері Том Леффлер твиттер-аккаунтында жазды: «10 қыркүйекте өтетін GGG мен Келл Брук жекпе-жегі өтетінін жарияланған соң, WBC әлем чемпионы белдігін ресми алу үшін GGG бүгін Мехико қаласына ұшады».

Естеріңізге сала кетсек, кеше Головкин британиялық Келл Брукпен жұдырықтасатыны ресми хабарланды. Бұл кездесу 10 қыркүйекте Лондондағы «02-Аренада» өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или