«Уимблдон»: Шведова жұптық сынның финалына шықты

Қазақстандық теннисші Ярослава Шведова мен венгр Тимеа Бабош «Уимблдон» турнирінің финалына шықты.

Бұл туралы ол өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды. Жұптық сында қос спортшы жартылай финалда америкалықтар Эбигейл Спирс пен Ракель Атавоны 6:4, 6:2 есебімен ұтты. Кездесу 1 сағат 13 минутқа жалғасты. Енді жеңімпаз атағын Шведова мен Бабош америкалық апалы-сіңлілі Уильямстермен немесе неміс қызы Юлия Гёргес пен чехиялық Каролина Плишковадан құралған жұппен сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или