Жәнібек Әлімханұлы: «Бас бапкер кем дегенде екі алтын алуды жоспарлап жүр»

Жәнібек Әлімханұлы: «Бас бапкер кем дегенде екі алтын алуды жоспарлап жүр»

Рио Олимпиадасында бокстан ел намысын қорғайтын 23 жастағы талантты былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы ProportKZ.kz тілшісіне эксклюзивті сұхбат берді.

- Жәнібек, қалыңыз қалай?

- Аллаға шүкір, бәрі жақсы.

- Рио Олимпиадасына дайындық қалай өтуде?

- Қазіргі таңда, Астана қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізудеміз. Содан кейін, тағы бір апта Алматыда дайындыламыз, артынша Рио-де-Жанейроға аттанамыз.

- Мырзағали Айтжанов ағамыздың айтуынша, Бразилияға бір апта бұрын барып аласыздар.

- Иә, Олимпиада ойындарына басталуға бір апта қалғанда Рио-ға жол тартамыз. Шамамен, шілденің 28-і.

- Олимпиада қарсаңында кішігірім жарақаттарыңыз жоқ па?

- Құдайға шүкір, еш жарақатым жоқ. Бұның алдында жарақат алған болатынмын, бірақ толық емделіп үлгердім. Қазір бәрі жақсы. Олимпиада ойындарына ойдағыдай дайындалудамыз.

- Ұлттық құрамадағы қалған боксшылардың жағдайы қалай? Ешкімде жарақат жоқ па?

- Ешкімде жарақат жоқ. Жоспар бойынша бәріміз тер тегудеміз.

- Төрт жылда бір өтетін үлкен Додаға аз ғана уақыт қалды. Өзіңіз қобалжып жүрген жоқсыз ба?

- Әзірше қобалжу жоқ. Енді РИО-да қалай болатынын білмеймін. Бірақ біз сақадай сай дайын болып барамыз.

- Қазіргі бабыңыз қандай? Әлі де қосасыз ба?

- Бүгінгі таңда орташа. Алдағы оқу-жаттығу жиындарында әлі де қосамын. Рио-ға аттанарда бабыма енем.

- АИБА бокс қауымдастығы Олимпиада ойындарына кәсіпқой боксшыларға қатысуға рұқсат берді. Бұл жайлы пікіріңіз қандай?

- Өзбасым қарсы емеспін. Не дегенменде олар да боксшылар ғой. Қатысу-қатыспауын өздері шешсін. Кәсіпқой боксшыларға қарсы жекпе-жекте қиналатын ештеңесі жоқ. Бәлкім, оларға ауыр болуы мүмкін. Сондықтан, аса қатты айырмашылық көріп тұрған жоқпын.

- Жалпы, әуесқой бокстың төрелігі соңғы кездері көп сынға алынып жатыр...

- Енді төреші де адам ғой, қателесуі мүмкін. Қазылардың қателіктерінен жеңіліп жатсақ та ол бізге сабақ болады. Келесі рет, демек айқын басымдықпен жеңу керек.

- Бас бапкер Мырзағали Айтжанов команда алдына қандай мақсат қойды?

- Бас бапкер кем дегенде екі алтын алуды жоспарлап жүр. «Барлықтарыңа сенеміз, әрқайсысың да алтынға лайықтысыңдар! Тәжірибелерің мол, мақсаттарың бар» деп бізді алға жетелеп жатыр.

- Сіз үшін бұл тұңғыш Олимпиада ойындары болмақ...

- Иә, бұл менің бірінші Олимпиада ойындарым болмақ. Енді өз күшімді көрсетіп, ел намысын абыроймен қорғаймын деп сенем.

- Соңғы кездері өзбек боксшыларының қарқыны жақсы. Қазақстан құрамасы сияқты толық он жолдамаға ие болды. Көршілес мемлекеттің боксшылары жайлы не ойлайсыз?

- Өзбекстан құрамасы мықты. Олар да Олимпиада ойындарына жақсы дайындалып келеді.

- ВАДА допинг агенттігі Ауыр атлектикадан төрт Олимпиада чемпионының қанынан тыйым салынған дәрумен тапқан болатын. Бокста да допингке тексеріп жатқан шығар?

- Допинг дауы боксшыларға қатты әсер етіп жатқан жоқ. Әр жаттығу жиындары сайын бізді допингке тексереді. Мамандар арнайы келіп аналимизді алады. Әзірге ВАДА-дан ешқандай ескерту шықпады. Бізді ешкім қысып жатқан жоқ. Бірақ ауыр атлеттерімізді «шалып» жатқаны әрине өкінішті жайт.

- Жалпы, жігіттер Олимпиада ойындарына дайын ба?

- Енді Олимпиада ойындарын жеңу – әркімнің арманы ғой. Арамызда Рио-дан кейін бокспен қоштасатын жігіттер бар. Сондықтан, соңғы жарыс болған соң бәрі де тыңғылықты, бәрі де жоспарға  сүйеніп, аянбай тер төгуде.

- Араларыңыздағы ең жас боксшы Абылайхан Жүсіпов. Оған қолдау көрсетіп жүрсіздер ме?

- Әрине, қолдау көрсетіп жүрміз. Өзім де оның жасында Ұлттық құрамаға қосылған болатынмын. Үлкен ағаларымыздан тәрбие алып өстім. Абылайхан қазір жақсы бабында, үнемі бізбен бірге жүреді, қасымызда.

- Бұған дейін, сұхбаттарыңызда РИО-да алтын алып жатсам, кәсіпқой боксқа ауысуым мүмкін деп айтып жатқын болатынсыз...

- Енді, мұны көре жатармыз. Қазіргі бар ойым – Олимпиада ойындарында.

- Кәсіпқой боксқа ауысу туралы ұсыныстар түскен жоқ па?

- Әзірге ұсыныстар түскен жоқ.

Сұхбаттасқан: Қайсар ОҚАС

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или