Фредди Роуч: «Андре Уордты жеңсе, Головкин әлемнің үздік боксшысы болады»

Америкалық бапкер Фредди Роуч Геннадий Головкиннің қай жағдайда әлемнің үздік боксшысы бола алатынын айтты.

«Қарсыластары көп болса, TripleG үздік атанар еді деп ойлаймын. Бірақ қазір оған қарсы тұруға дайын қарсылас жоқ. Мүмкін Андре Уордпен кездесу керек шығар, бұл ол үшін жақсы жекпе-жек болар еді. Уордты жеңсе, осы дәуірде р4р бойынша әлемнің үздік боксшысы бола алады», - деді Роуч.

Айта кетейік, Геннадий Головкин осы тамыз немесе қыркүйек айында британиялық кіші Крис Юбенкпен жұдырықтасады деп күтілуде.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или