Нейт Кэмпбелл: «Головкинге лайықты қарсылас қалмады, оған салмағын көтеру керек»

Жеңіл салмақ дәрежесіндегі әлемнің экс-чемпионы Нейт Кэмпбелл WBA (Super), IBO, WBC және IBF нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин (35-0, 32 КО) жартылай ауыр салмақ дәрежесіне неге көшпейтініне таңдануда.

ҚазАқпараттың хабарлауынша, Кэмпбелл орта дивизионда дәл қазір Головкинмен жұдырықтаса алатын танымал боксшылар қалмағанын айтады.

Бұған дейін Головкин орта дивизиондағыларды түгелдей жеңген соң ғана келесі сатыға көшетінін айтқан болатын. Сонымен қатар былғары қолғап шебері атағы жер жарған чемпиондармен айқасу үшін екінші орта салмаққа көтерілуге дайын екенін атап өткен.

Головкин келесі кездесуін тамыз немесе қыркүйек айында өткізеді. Оның қарсыласы британиялық кіші Крис Юбенк болуы мүмкін.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или