Владимир Седов спорттан кетеді

Қазақстандық ауыр атлет Владимир Седов спорттан кетпек ниетте екенін айтты.

«Тағы бір мәрте бағымды сынаймын да, спорттан толығымен кетемін. Кетемін де, спортшы ретінде өнер көрсетпеймін», - деді Седов.

Айта кетейік, Седов мансабын бір рет аяқтап үлгерді. Былтыр спорттан кеткен еді, бірақ биыл қайта оралып, Азия чемпионатында топ жарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или