Биыл «Қазақстан Барысына» 34 балуан қатысады

«Хан Шатыр» сауда-ойын орталығында ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың жүлдесі үшін қазақ күресінен «Қазақстан Барысы» республикалық турнирінің финалына қатысатын 34 балуан салмақ өлшеу рәсіміне қатысты. Бұл туралы Bnews.kz ақпараттық порталы мәлім етті.

«3 шілде күні Астанада VI рет «Қазақстан Барысы» турнирін өткізгелі отырмыз. Бұл сынға еліміздің 14 облысы мен Астана жəне Алматы қалаларынан іріктеп алынған 32 балуан, сондай-ақ əскери құрылымдар арасында өткен «Əскер барысы турнирінің жеңімпазы жəне былтырғы жеңімпаз Бейбіт Ыстыбаев қатысады. Сонымен, жарыста барлығы 34 балуан өз күшін сынап көреді», - дейді ҚР Қазақ күресі федерациясының вице президенті Сəрсен Құранбек.

Сонымен қатар, Сəрсен Құранбек бүкіл əлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) «Қазақстан барысы» турниріне қатысатын спортшылардың қанынан тыйым салынбаған заттардың анықталмағанын атап өтті. Сондай-ақ, WADA балуан Александр Касачевтің жарысқа қатысуына рұқсат берген.

«Қазақ күресі» федерациясы тазалықты, əділдікті алдына мақсат етіп қойып отыр. 2012 жылдан бері біз міндетті түрде допинг сынамаларын өткізіп келеміз. Биылғы жылы біздің балуандарымыздың анализ сынамаларының құрамынан тыйым салынған заттар болуы мүмкін деген күдік туындаған болатын. Нəтижесінде барлық балуанымыз ақталып шықты. Олар өздерінің тазалығын дəлелдеді. Бүгін сағат 14.00-де бүкіл əлемдік допингке қарсы агенттік (WADA) тарапынан Александр Касачевтің де жарысқа қатысатындығы туралы сүйінші хабар келді. Сонымен, «Қазақстан Барысы» жарысына барлығы 34 балуан қатысатын болды», - дейді Сəрсен Құранбек.

Салмақ өлшеу рәсімінде түйе балуандардың салмағы анықталды.

«Қазақстан Барысы 2016» турнирі ақтық сайысына қатысушылар:

1. Айтуар Абдулов – Астана қаласы

4. Мереке Тұрашев – Ақмола облысы

3. Айбол Айтбек – Жамбыл облысы

4. Дұлат Алпысов – Солтүстік-Қазақстан облысы

5. Алтынбек Аусағитов - Солтүстік-Қазақстан облысы

6. Бекзат Ахметбеков – Қарағанды облысы

7. Руслан Әбдіразақов – Қызылорда облысы

8. Талғат Әмренов – Әскер Барысы

9. Асыл Бәрменов - Қарағанды облысы

10. Виктор Демьяненко – Алматы қаласы

11. Еркебұлан Егінбаев – Павлодар облысы

12. Еламан Ерғалиев - Қызылорда облысы

13. Сержан Ерлан – Батыс Қазақстан облысы

14. Жұманазар Ерсұлтанов – Оңтүстік Қазақстан облысы

15. Дәулетхан Жақыпов – Жамбыл облысы

16. Нұрдәулет Жарылғапов – Маңғыстау облысы

17. Сұңғат Закарияев – Атырау облысы

18. Ербол Игілік - Маңғыстау облысы

19. Нұрсұлтан Иманғазин – Ақтөбе облысы

20. Александр Касачёв – Алматы облысы – уақытша шеттетілді

21. Бауыржан Қабай – Алматы қаласы

22. Абылайхан Қасымхан – Қостанай облысы

23. Асхат Құсайынов – Шығыс Қазақстан облысы

24. Кенжебек Күзембаев – Атырау облысы

25. Самир Мәмедов – Павлодар облысы

26. Нұрсұлтан Мыңғышов – Оңтүстік Қазақстан облысы

27. Айбек Нұғымаров – Шығыс Қазақстан облысы

28. Ерлан Омаров – Қостанай облысы

29. Ұлан Рысқұл – Алматы облысы

30. Айбат Сейтен – Астана қаласы

31. Леонид Станеев - Ақмола облысы

32. Олжас Сүлейменов – Батыс Қазақстан облысы

33. Дархан Темірханов – Ақтөбе облысы

34. Бейбіт Ыстыбаев – «Қазақстан Барысы» (2012, 2015)

Шарадан соң балуандар қала тұрғындары жəне қонақтармен суретке түсіп, сұхбаттасты.

Айта кетейік, 3 шілде, жексенбі күні Астана қаласындағы «Сарыарқа» республикалық велотрегі спорт кешенінде Қазақстанның ең белді балуандары көптен күткен дүбірлі доданың финалдық сайысы өтеді. Финалдық кездесуде жеңімпаз атанған балуан – «Қазақстан Барысы» атағына ие болып, турнирдің бас жүлдесі «Тайтұяқты» иеленеді. Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері тиісті дәрежедегі белбеулермен және қаржылай марапатталады.

Осы жылғы жеңімпаздар мен жүлдегерлер 1-орын – 25 000 000 теңге, 2-ші орын – 5 500 000 теңге, 3-ші орын – 1 800 000 теңге ақшалай сыйлыққа ие болады.

Сонымен қоса, биыл турнир тарихында тұңғыш рет турнир жеңімпазына ақшалай сыйлықтан бөлек, Астана қаласынан пәтер кілті беріледі. Ақшалай жүлделер жеңіске жеткен балуандардың жаттықтырушыларына да беріледі. Сонымен қатар, турнирге келген көрермендер арасында JAC S3 автокөлігі ойнатылады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или