Оскар де ла Хойя: «Альварес - Головкин жекпе-жегін алты жылға созбаймыз»

Golden Boy Promotions басшысы Оскар де ла Хойяның айтуынша, мексикалық Сауль Альварес пен қазақстандық Геннадий Головкин арасындағы жекпе-жек ұзаққа созылмай өтеді.

«Менің қалайтыным «Канелоның» орта салмақта ақырындап өсуі. Әзірше ол сондай дәрежеге жеткен жоқ. Жоқ, біз Головкинге қарсы жекпе-жекті алты жылға созбаймыз. Ол болады. Келесі жылы болады», – деді промоутер.

Golden Boy мен K2 Promotions арасында Альварес пен Головкиннің жекпе-жегін 2017 жылдың қыркүйегінде өткізу туралы келісім бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или