Риоға дайындық. Боксшыларымызға Қанат Ислам көмектесіп жатыр

Қанат Ислам биыл Рио Олимпиадасына баратын боксшыларымызға АҚШ-тан спарринг қарсыластар іздестіріп жатыр.

Бұл туралы бокстан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Мырзағали Айтжанов айтып берді.

«Біз қазір Алматыда Алатау бөктерінде жаттығу жасап жатырмыз. Алда әлі де жоспар бойынша көптеген оқу-жаттығулар өтеді. Бізге өзіміздің бокс федерациясымен бірге қазақтың батыр ұлы Қанат Ислам да қолынан келетін көмегін жасамақ. Біз Қанат Ислам бауырымыздан АҚШ-тан мықты боксшыларды тауып, Риоға баратын бауырларыңа спарринг жаттығу жасайтын қарсыластар тауып бер деп өтіндік. Ол қолынан келген көмегін жасауға әзір екенін айтты. Егер бәрі ойдағыдай болып жатса, бұл жаттығуды шілденің соңына жоспарлап отырмыз. Бұның барлығы боксшыларымыздың соңғы физикалық тактикасын тексеру мақсатында жасалып отырған дүние», - деді Айтжанов.

Айта кетейік, биыл бокстан Қазақстан құрамасы Олимпиада ойындарына тұңғыш рет толық құрамда барады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или