Рио Олимпиадасында Қазақстанның туын көтеріп шығатын спортшы анықталды

Тамыздың 5-21 аралығында Рио-де-Жанейро қаласында өтетін жазғы Олимпиада ойындарының ашылу салтанатында Қазақстан туын алып шығатын спортшы анықталды, деп жазады NUR.KZ.

Бейресми мәлімет бойынша, жаһандық жарыс алдында көк туымызды таеквондошы Руслан Жапаров алып шығады. Руслан 80 келіден жоғары салмақта өнер көрсететін спортшы. Еске сала кетейік, 2000 жылы Сидней Олимпиадасында Қазақстан байрағын боксшы Ермахан Ыбырайымов, 2004 жылғы Афины Олимпиадасында дзюдошы Асхат Жіткеев, 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасында зілтемірші Бақыт Ахметов, ал 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында балуан Нұрмахан Тінәлиев алып шықты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или