Лу Дибелла: «Деревянченко - Головкинге төтеп бере алатын жалғыз боксшы»

Шілденің 21-і АҚШ-тың Машантакет қаласында 30-жастағы украиналық боксшы Сергей Деревянченко тәжірибелі австралиялық былғары қолғап шебері Сэм Солиманмен жұдырықтасады.

Аталмыш кездесудің жеңімпазы Геннадий Головкиннің IBF титулына міндетті қарсылас болады.

Сергей Деверянченконың промоутері Лу Дибелланың айтуынша, оның шәкірті Геннадий Головкинмен жұдырықтасуға дайын.

«Сергейге чемпиондық атақ үшін жекпе-жек ұйымдастырғым келеді. Жас әрі қауіпті боксшымен кездескіміз келген, бірақ Солиманмен жұдырықтасуға мәжбүрміз. Себебі, бұл жекпе-жектің жеңімпазы IBF белбеуіне міндетті қарсылас болады. Сергей чемпиондық белбеу үшін тартысуға дайын. Оның әуесқой мансабы Головкиндікіне ұқсас. 300-ден астам жеңісі бар. Деревянченко - Головкинге төтеп бере алатын жалғыз боксшы», - деді Лу Дибелла boxingscene.com сайтына.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или