Геннадий Головкин Қарағанды көмір байыту зауытына инвестиция құймақ

Қарсылас шақ келтірмейтін атақты боксшымыз Геннадий Головкин кәсіби шаршы алаңда тапқан табысын еліміздің экономикасына инвестицияламақшы. Қарағандыда боксшының қаржылай үлес қосуымен көмір байыту өндірісі іске қосылғалы жатыр.

BNews.kz ақпараттық порталының мәлімдеуінше, бұл жобаға жергілікті кәсіпкерлер мен «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры да қатысады. Жаңа өндірісте 150 тұрақты жұмыс орны қарастырылған. Фабрика жылына 500 мың тонна көмір өндіреді. Жоба 5 шілдеде таныстырылады.

«Бұл идея Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың «Барлығын жеңіп, үйге қайт» деген сөзінен кейін пайда болған секілді. Яғни, Президенттің ой тастауымен Қазақстанға инвестиция құюды шешіп отырмын. Отан үшін игілікті іс істеу қажет», – деді WBA, IBF, WBC тұжырымдары бойынша орта салмақта бокстан әлем чемпионы Геннадий Головкин.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или