Головкин - кіші Юбенк жекпе-жегінің өтуі мүмкін уақыты белгілі

ESPN шолушысы Дэн Рафаэльдің мәлімдемесіне сәйкес, «Sky Box Office» IBF/IBO/WBA/WBC нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий «GGG» Головкин (35-0, 32 КО) мен кіші Крис Юбэнк (23-1, 18 КО) жекпе-жегін 27 тамызда өткізуді ұсынды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Головкин - кіші Юбэнк жекпе-жегі 27 тамызда өтеді. Өйткені бірінші орта салмақтағы IBF чемпионы Келли «Special K» Брук пен 147 фунттағы WBO чемпионы Джесси Варгас 24 қыркүйекте «Sky Box Office»-те жұдырықтасады.

Екі PPV-трансляциясы қыркүйек айында болуы мүмкін емес. Өйткені британиялық жанкүйерлер ақылы көрсетілім үшін екі рет төлеуге мәжбүр болады.

Кіші Юбэнк пен оның промоутеріне Головкинге қарсы кездесуіне қатысты келісімшартқа қол қоюына осы аптаның соңына дейін уақыт берілді. Келесі екі күнде келіссөздер арқылы жекпе-жек өткізуге келіспесе, Головкин мен оның промоутері Том Леффлер өзге қарсыласты іздеуге кіріседі.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или