ҰОК Ақтөбеде спорт алаңын ашады

ҚР Ұлттық олимпиада комитеті ел өңірінде ашық аспан астында спортпен шұғылдану үшін арнайы спорт алаңдарын ашуды жоспарлауда. Алғашқылердің бірі болып Ақтөбе қаласы таңдалды. Жақында онда street workout спорт аймақтары пайда болады.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, бұл жұмыс ҚР ҰОК президенті Т. Құлыбаевтың тапсырмасымен жүргізілуде. Комитет өкілдері Ақтөбеде болып, қала басшылығымен кездесті. Алаң орнату орны айқындалды.

Mega-Aktobe маңында үлкен спорт аймағы ашылады, ол орталықтағы адам көп жиылатын орын. Қалған алаңдар вокзал маңында, өнеркәсіптік аймаққа орналастырылады.

Спорт аймақтарының жалпы алаңы - 1500 шаршы метрден асады. Алаң street workout үшін арнайы жабдықтармен жарақталады.

Басты мақсат - балалар мен жастарды дене тәрбиесімен айналысуға тарту, бұқаралық спортты дамытуға қатысу. Спорт алаңдары әр жастағы адамдардың денсаулығын нығайтуға тамаша платформа ретінде ұсынылады.

Еске салсақ, ҚР ҰОК мұндай алаңдарды Астанада ашқан болатын. street workout федерациясының деректеріне сәйкес бүгінде оған 70 000-нан астам қазақстандық қатысып жүр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или