Сэм Солиман: «Деревянченконы ұтқаннан кейін Головкинді белбеусіз қалдырамын»
<p style="text-align: justify;">
<strong>Австралиялық боксшы Сэм Солиман украиналық Сергей Деревянченконы жеңген соң Геннадий Головкинмен жұдырықтасқысы келетінін айтты.</strong></p>
<p style="text-align: justify;">
«Деревянченко мықты боксшы, бірақ кәсіпқой рингте ол мен сияқты тәжірибелі боксшымен жұдырықтасқан жоқ. Шілденің 21-і Деревянченконы бокс мектебіне апарып, оны нокаутқа құлатамын. Содан соң Головкинмен жұдырықтасып, оның белбеулерін тартып аламын», - деді 42-жастағы австралиялық боксшы fightnews.com сайтына.</p>
<p style="text-align: justify;">
Естеріңізге сала кетсек, Солиман-Деревянченко жекпе-жегінің жеңімпазы Геннадий Головкиннің IBF белбеуіне міндетті қарсылас болады.</p>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или