Қазақстандық боксшы PABA белдігі үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық боксшы PABA белдігі үшін жекпе-жек өткізеді

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Александр Журавский Паназиялық бокс ассоциациасының (PABA) чемпиондық белдігі үшін жекпе-жек өткізеді деп хабарлайды vesti.kz.

31 жастағы қазақстандық боксшының қарсыласы болып 37 жастағы индонезиялық Стиви Онген Фердинандус таңдалды.  Индонезиялық 33 жекпе-жектің 20-да жеңіске жетіп, 10 жекпе-жекте жеңілген. Тағы біреуінде тең түскен. Қазақстандық боксшы үшін бұл 12-ші жекпе-жек. Осының алдында 11 кездесудің 2-де жеңілген болатын.

Сонымен қатар осы бокс кешінде Ернар Ешенов рейтингтік жекпе-жек өткізбек. Ернар осыған дейін тек екі кездесу өткізген. Ернар тайландтық Натавут Арунсукпен жекпе-жекке шығады.

Айта кетейік, бокс кеші 30-маусым күні өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или