Уимблдон. Шведова екінші айналымға шықты

Ярослава Шведова Уимблдон жарысының екінші айналымына жолдама алды. Қазақстандық теннисші неміс Юлия Гергестен айласын асырды.

Кездесу 1 сағат, 41 минутқа созылған. Шведова төрт брейк жасап, екі сетте жеңіске жетті – 7:5, 6:4.

Келесі айналымда қазақстандық теннисші украиналық Элина Свитолинамен күш сынасады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или