Қазақстандық ауыр атлеттерге Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Қазақстандық ауыр атлеттерге Олимпиадаға қатысуға рұқсат берілді

Бірнеше елдің жарысқа қатысу құқығынан айырылған ауыр атлет командаларын Халықаралық ауыр атлетика федерациясы атқару комитетінің отырысынан кейін Рио-де-Жанейрода өтетін Олимпиада ойындарына қатыстыру жөнінде шешім қабылданды.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, атқару комитетінің мүшелері үш күн бойы жабық есік жағдайында жұмыс істеп, БАҚ-пен байланысқа шыққан жоқ. Ресей, Беларусь,  Қазақстан спортшыларының Рио Олимпиадасына қатысу-қатыспауы жөніндегі мәселе соңына дейін көпшілікке тағат таптырмады.

Атқару комитеті мүшелерінің бірі: «Олимпиадаға он емес, сегіз адам барады. Бұл Қазақстан, Беларусь, Әзербайжанға да қатысты»  - деді.

Конгресс жұмысы өте күрделі жағдайда өтті. Қатысушылар соңғы сәттерге дейін таныстырылымдар өткізіп, әр командадағы допинг дауларын талқыға салды. Қазір конгресс аяқталып, қатысушылары әуежайға аттанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или