Назым Қызайбадың жеке бапкері ҚБФ-нан кешірім сұрады

Екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайдың жеке бапкері Жұмабек Өмірзақов әйелдер арасындағы әлем чемпионатынан кейін берген сұхбатын түсіндірді деп хабарлайды kfb.kz.

Cұхбатта ол өзінің шәкіртіне жасалған қысым жайлы айтып, Астанада өткен әлем чемпионатында біздің қыздарға көмектескенін айтқан болатын.

Қазақстан бокс Федерациясы бұл сөздерді жала деп тауып, ешқандай келтірілмегендіктен шындыққа жанаспайтынын хабарлаған. Өмірзақовты ҚБФ-ның аясында өтетін барлық шарадан бір жылға шеттеткен болатын.

- Мен сұхбатымда Қазақстан бокс Федерациясы жайлы сөз айтпадым. Айта кетейін, Федерацияның саясаты мен басшылығының жасаған ісін дұрыс деп білемін. Егер дұрыс болмаған жағдайда біз осыншама мықты боксшы қыздарды тәрбиелей алмас едік. Әлем чемпионатында мені Дина Жоламан таңғалдырды. Ол өзінің алтынын әділ ұтты. Виолетта Князева да мықты. Қола алса да, ол жартылай финалда Олимпиада чемпионы Кларесса Шилдстен жеңілді және оған жақсы қарсылас бола білді. Сондықтан біздің құраманың спортшылары мықты. Бұл дегеніңіз Федерация жақсы жұмыс жасап жатыр деген сөз. Мен ренжітіп алған адамдардан кешірім сұраймын. Бұл мәселені диалогтың көмегімен шеше аламыз деп ойлайымын. Мен даулы жаңалықтардың қаһарманы болғым келмейді. Мен тек Федерациямен бір шешімге келіп, жұмысқа қайта оралғым келеді,- деді Жұмабек Өмірзақов.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или