Том Леффлер: «Сондерспен келіссөздер сәтсіз аяқталды»

Геннадий Головкиннің промоутері Том Леффлердің айтуынша, оның шәкірті келесі кездесуінде британиялық былғары қолғап шебері Крис Юбенкпен жұдырықтасуы мүмкін.

«Билли Джо Сондерс және оның промоутері Фрэнк Уорренмен ұзақ келіссөздер жүргіздік. Бірақ сәтсіз. Менің ойымша, Сондерс WBO белбеуінен айырылғысы келмейді. Керісінше, Эдди Хирн менімен хабарласып, Крис Юбенктің Головкинмен жұдырықтасуға дайын екенін айтты. Енді бұл жекпе-жекті ұйымдастыруға тырысамыз», — деді Леффлер BoxingScene сайтына.

Естеріңізге сала кетсек, Фрэнк Уоррен тек қомақты қаржы төленсе ғана Билли Джо Сондерс Головкинмен кездесетінін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или