РЕСМИ: Ауыр атлеттеріміз РИО-ға баратын болды

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасы Рио-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысады.

Халықаралық ауыр атлетика Федерациясы (IWF) Қазақстан құрамасына РИО-да өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға рұқсат берді. Бірақ допинг дауына байланысты екі жолдамасынан айырды. Енді қазақстандық зілтеміршілер 10 емес 8 спортшы болып Бразилияға аттанады.

Сондай-ақ, допинг қолданған төрт Олимпиада чемпионымыздың (Илья Ильин, Зульфия Чиншанло, Майя Манеза, Светлана Подобедова) РИО-ға бармайтыны белгілі болды. Олардың тағдыры алдағы уақытта шешіледі.

Естеріңізге сала кетсек, бұның алдында шетелдік БАҚ ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының бір жылға спорттан шеттетілгенін жазған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или