Головкин жаттығуға шілденің басында оралады

Геннадий Головкиннің бапкері Абель Санчес өз шәкіртінің келесі жекпе-жекке дайындалу үшін жаттығу залына шілденің басында оралатынын айтты.

GGG-дің қарсыласы кім болары әзірше белгісіз, бірақ жұдырықтасуы мүмкін боксшылардың ішінде Сауль Альварес, Билли Джо Сондерс, Дэниэл Джейкобс, Себастиан Хейланд, кіші Крис Юбенк бар.

«Біз әлі Golden Boy-мен ешқандай келіссөз жасаған жоқпыз. Дегенмен Головкин рингке тамыздың соңғы аптасында немесе қыркүйекте оралады. Қарсыласқа келер болсақ, демалыста Нью-Йоркте Том Леффлермен кездесеміз, сол кезде қарсыластарды таңдап қараймыз», - деді Санчес.

Мексикалық маман Головкин Саул Альвареспен жекпе-жек өткізетініне аса сенім білдірмейтінін жеткізді.

«Бұл жекпе-жек өзін ұзақ жарнамалады. Қайнауы жетті. Ал шынына келсек, бұл жекпе-жек қыркүйекте болмайды», - деп Санчес қадап айтты.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или