Ильиннің жеке бапкері: «Ильяның Риоға баруға мүмкіндігі 0,1% деп айтсам болады»

Ильиннің жеке бапкері: «Ильяның Риоға баруға мүмкіндігі 0,1% деп айтсам болады»

2008 жылғы Бейжің Олимпиадасы мен 2012 жылғы Лондон Олимпиадасында допинг пайдаланды деп айыпталған Қазақстанның ауыр атлеті Илья Ильинді ақтап алу үшін бір жыл уақыт кетуі мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісіне спортшының жеке бапкері Ержас Болтаев айтып берді.

«Негізі, «Илья Лондон Олимпиадасында допинг пайдаланған» деген ақпараттан кейін, Бейжің Олимпиадасына қатысты да осындай шу шығады дегенге дайын болдық. Өйткені, Лондон олимпиадасын «қаралаған» олар «Бейжіңде Илья таза болды» деп айта алмайтын еді. Бұл - менің жеке ойым. Олардың мақсаты - екі Олимпиаданың да жүлдесін қайтару. Олардың айтуынша, негізгі мақсат Рио Олимпиадасына допинг қолданған спортшыларды жібермеу дейді. Олимпиада ойынын допингтан тазартамыз дейді. Бірақ, Ильяның айтуынша, ол Бейжіңге ұшып келгенде, таңғы жетіде қан тапсырған, жарыстың алдында және жарыстан кейін үш рет қан тапсырған», - дейді Болтаев.

Сегіз жыл бойы Халықаралық ауыр атлетика федерациясы қайда қараған деген сауалға Ильиннің жеке бапкері: "Жалпы, допинг тексеру процесі былай жүреді сізді жарыс үстінде тексереді. Яғни, анализдың қорытындысы Олимпиада ойындарының барысында айтылу керек, сіз еліңізге кеткеннен кейін оның қорытындысы айтылмайды. Зертхана күндіз-түні жұмыс істеп, нәтижесін бір-екі күнде береді. Яғни, Бейжіңде де, Лондонда да ондай мәлімет айтылған жоқ. Илья допинг қолданған болса, оның алтын медалі сол жерде қалатын еді. Бұл істің аяғына дейін барып, анығын білу керек. Риоға баруға мүмкіндігіміз өте аз. 0.1 пайыз деп айтсам болады. Себебі, уақыт тығыз. Ильяны ақтап шығу үшін уақыт керек. Процесс тіпті бір жылға созылып кете ма деп қорқамын. Өте қиын жағдай. Бұны кім жасап жатса да, ауыр атлетикаға кері әсерін берейін деп тұр. Илья өте танымал спортшы, оған қарап қаншама бала ауыр атлетикаға келіп жатыр. Ильяның мақсаты - ауыр атлетиканы әлемдік деңгейде дамыту. Илья спортты қойғаннан кейін - ауыр атлетиканы дамытады. Ол жаттығуын тоқтатқан жоқ, тоқтатпайды да. Біз Ильяның екі жүлдесі үшін күресеміз. Өзіміздің кінәлі емес екенімізді дәлелдеу керек", - дейді бапкер.

Ауыр айып тағылып отырған екі дүркін Олимпиада чемпионы, ауыр атлет Илья Ильин де допинг дауына байланысты түсініктеме берді. Ол биылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасына бара алмайтынын мәлім етті.

«Рио ойындарына кешігіп қалған шығармыз...», - деді спортшы бүгін кешке жаттығу бөлмесіне Астана журналистерін шақырып, әңгімелескен кезде.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қоса, енді Ильяны 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында да допингке жататын препараттар қолданды деп айыптап отыр.

«Рио ойындарына барып үлгермейтін шығармын... Келесі Олимпиада Токиода өтеді. Жалпы, допинг дауынан кейін сағым қатты сынған жоқ, себебі, әлі жаспын, бойымда күш-қуатым бар, яғни, мен әлі өзімді дәлелдей аламын деген сөз. Тіпті, осы даудың аяғы мен қалағандай болмаса да мен спортты тастамаймын», -деді Илья.

Ильин Бейжің мен Лондондағы жүлделерін қайтып бермеу үшін барымды саламын дейді. Спортшы допинг қолданбағанына сенімді және шет елдің заңгерлерін тартып, халықаралық ауыр атлетика федерациясының зерттеуін жоққа шығармақ.

«Дәл қазіргі жағдай бойынша, менің екі медалімді алып қоймақшы. Мен ол жүлделерімді бергім келмейді, себебі, ол медальдерді мен таза еңбегіммен таптым, мен допинг пайдаланған емеспін, мен таза күшіммен орын алдым...»,-деді спортшы бүгін Астанада журналистермен әңгімелесе отырып.

«Жаттығу залында тектен текке түнеп, екі Олимпиада ойындарында да мүмкін емес деген жаттығулар жасадым. Бұл адамның тағдыры емес пе, сегіз жыл бұрын таза шыққан сараптаманы қайта қазып, адамның тағдырын ойыншыққа айналдыру адамгершілікке жатпайды», - деді Илья.

Ауыр атлет артынан ерген жас спортшыларға сабақ бергісі келетінін де айтты.

«Мен ауыр атлетиканы қатты жақсы көремін, спортты жақсы көремін. Мына дау қалай аяқталса да, мен спорттан кетпеймін. Мені жаттығу үстінде көргісі келетін жастар көп, мен оларға зілтемірді қалай көтеру керегін үйрете аламын. Жаттығу залына келсем, жаным жай табады, бұл жер менің үйімдей», - дейді Илья.

Еске сала кетейік, Халықаралық ауыр атлетика федерациясы 2012 жылғы Лондон Олимпиадасына қоса, енді Ильяны 2008 жылы Бейжің Олимпиадасында да допингке жататын препараттар қолданды деп айыптап отыр. Ауыр атлет Илья Ильиннің 2008 және 2012 Олимпиада ойындарындағы допинг сынамасында допинг іздері табылған деп хабарланды. Бірақ, Илья бұл жалған айып екенін және өзінің таза екенін дәлелдейтінін айтып отыр.

Бұл істі бүгін премьер-министрдің өзі назарға алып, Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлына допнинг дауын бақылауға алуды тапсырды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или