Ауыр атлетика федерациясы Ильинге қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме жасады

Ауыр атлетика федерациясы Ильинге қатысты ақпаратқа орай ресми мәлімдеме жасады

Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Илья Ильиннің 2008 жылғы Олимпиададағы допинг-сынамасын қайта тексеру бойынша ресми мәлімдеме жасады.

Бұл туралы 24 арна хабарлайды.

Халықаралық ауыр атлетика федерациясының хабарламасына сәйкес Илья Ильиннің Бейжіңдегі Олимпиада ойындары кезіндегі алынған допинг-сынамасынан тыйым салынған субстанция (станозолол) анықталды. Бұдан бұрын 10 маусымда спортшы допингке қарсы заңнаманы бұзуына байланысты спортпен айналысуына уақытша тыйым салынған болатын.

Ильиннің олимпиадалық жүлделері, сондай-ақ оның алдағы Рио Олимпиадасына қатысу мәселесі жақын уақытта өтетін Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіп комиссия отырысында қаралады.

Дүниежүзілік допингке қарсы агенттік (WADA) кодексінің 2.1-бабына сәйкес спортшы өзінің ағзасына түсетін заттар үшін жауапты. Бұл ретте 13-бапқа сәйкес ол өзіне қатысты кез-келген шешімді апелляцияға бере алады.

Естеріңізге сала кетейік, тыйым салынған заттар 2012 жылғы ойындарда Қазақстанның тағы үш Олимпиада чемпионынан анықталды. Олар– Майя Манеза, Светлана Подобедова және Зульфия Чиншанло. Бұл спортшылар да жарыстардан шеттетілді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или