Назым Қызайбайға Toyota Corolla автокөлігінің кілті табысталды

Бокстан әйелдер арасында екі дүркін әлем чемпионы Назым Қызайбайға Алматы қаласы бокс федерациясының басшылығы жаңа автокөлік сыйға тартты.

ҚазАқпараттың мәлімдеуінше, Назымға Toyota Corolla автокөлігінің кілті табысталса, оның жеке бапкері Жұмабек Өмірзақовқа ақшалай сыйлық берілді.

Былтыр қалалық федерацияның басшылығына Қажиев Бақытжан Төлеуқажыұлы келген болатын. Содан бері мегаполис боксында оң өзгерістер орын алуда.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или